- Басқы бет
-
Аналитика
- Аймақтық интеграция
- Ориентализм
- Жаңалықтар
- Зерттеушілер
- Орталық жайында
Мақаланы оқу
Мақаланы оқу
Мақаланы оқу

12 ақпан 2014 жылы Сулейман Демирел университетіне университет әкімшілігінің шақыруымен Ұлттық банк басшысының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов ат басын бұрды. Дәл соңғы бес жылда жасалған екінші девальвация (теңгенің долларға шаққандағы құнсыздануы) болған күннің ертесіне келіп студент қауымымен кездесу өткізді. Кездесудің алғашқы бөлігінде өзінің жеке өмірімен таныстырып өткен ол, бакалаврлық білімін Түркістандағы “Йассауи” атындағы халықаралық университетте алғандығын және кейіннен КИМЕПте магистрлік дәрежесін алғандығын атап айтып өтті. Сондай-ақ 2014 жылдың қаңтар айынан бастап, қазір өкілеттігіне кіріскендігін сөзге тиек етті. Содан кейін сәл Ұлттық банк және девальвация тақырбы туралы бірер ауыз сөз қоса кетті. Ал негізгі бөлігі сұрақ-жауап түрінде өткен бұл кездесудің тарихы ары қарай төмендегідей өрбіді.
жалғасы: Соңғы 5 жылда Ұлттық банк тарапынан жасалған екінші девальвация
Тәуелсіз мемлекет болуымыздың жиырма жылдығын атап өтуге жақындап қалсақ та, елімізде «Отаршылдықтан кейінгі зерттеулер» саласы мен осы саланың ең алдымен методологиялық жағынан дамуында үлкен роль ойнаған еңбектердің қазақ тіліне аударылу ісі әлі де қолға алынбай келеді. Аталмыш саланың дамуы тәуелсіздігіміздің баянды болуына айтарлықтай үлес қосар еді. Ең алдымен, біздерге отаршылдықтың ең үлкен зардабы болып саналатын «тәуелсіз емес», «бізге тән емес» ойлау жүйесінен арылудың жолдарын анықтауға көмектесер еді.
жалғасы: Ориентализм және ұлттық таным жүйесі
Бұл жылдың ең басты экономикалық жаңалықтарының бірі-Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттері құрған ортақ Кедендік Одақ. Кеңес үкіметі ыдырап, мемлекеттер тәуелсіздік алғаннан кейін бұрыңғы экономикалық қатынастар азая түсті. Бірақ бірқатар мемелекет басшылары көрші елдермен тығыз экономикалық қатынастардың қажеттілігін түсініп, 1994 жылы ТМД Еркін сауда аймағы құрылды. ТМД елдері арасында екі жақты еркін сауда шарттарына да қол қойылды. Әсіресе, елбасымыздың интеграция мәселесінде атсалысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ЕурАзЕС, Ұжымдық қауіпсіздік шарты тәрізді көрші елдер басшыларын бір үстел басына жинайтын, ынтымақтастықты талқылайтын бірнеше платформа өмірге келді. Ал экономикалық интеграцияда негізгі үлкен қадам биылғы Кедендік одақтың құрылуы болды.Бұл интеграциялық ұйымның басқаларынан ерекшелігі - бірінші рет ортақ кедендік одақ комиссиясы іске қосылып, кедендік одақтың басты сауда саясытының құралы, Бірыңғай кедендік тарифін белгілеуі.Жаңа құрылған одаққа әр түрлі пікірлер айтылып жатыр. Олардың басым бөлігі «Back to USSR», «Ресейдің тауары басып кетеді, бағалар шырқайды, өндірушіміз тұншығады» - деген пікірді басшылыққа алуда. Ал екінші жақ керісінше «Өндірушінің жағдайы жақсармақ, ауқымы кеңейеді» деген көзқарасты ұстанып отыр.
жалғасы: Кедендік одақ: күрмеулі мәселелер

O-Sense
Қазір сайтта 8 қонақ және 0 тіркелеген қолданушы